Институт ұжымына, 1983 жылғы социалистік жарыстың жеңімпазы ретінде өтпелі Қызыл Ту тапсырылды |
|
1983 және 1986 ж.ж. институттың екі қызметкеріне Еңбек Қызыл Ту ордені тапсырылды |
|
Екі қызметкерге Ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген жұмыскері атағы берілді |
|
1986 жылы институттың екі қызметкеріне Құрмет Белгісі ордені табыс етілді. |
|
Институт ұжымына, 1986 жылғы социалистік жарыстың жеңімпазы ретінде өтпелі Қызыл Ту тапсырылды |
|
1983 және 1986 жж. екі қызметкер Еңбек озаты медалімен марапатталды |
|
Екі қызметкерге Ауыл шаруашылығының еңбек сіңірген жұмыскері атағы берілді |
|
2004, 2007 және 2010 жж. «ҚР ғылымын дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісі табыс етілді. |
|
ҚР Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы Жарлығымен Жұмағали Қошеметов «Құрмет» орденімен марапатталды |
|
Ғылым, білім және бизнес саласындағы халықаралық қатынастарды нығайтқаны үшін –
Еуропа Бизнес Ассамблеясының Номинациялаушы Комитеті (Оксфорд, Ұлыбритания), Вена қаласының Халықаралық университетінің Ғылыми Кеңесімен бірлесіп профессор С.М. Мамадалиевтің кәсіби және қоғамдық қызметін жоғары бағалап, оны «Вена қаласының Халықаралық университетінің құрметті профессоры» атағына ұсынды. Айтулы атақ кәсіби жетістіктерінің халықаралық тұрғыда танылуын, қоғамның сенімін және осы атаққа ие адамның беделенің жоғарылығын білдіреді. |
|
2010 жылы 03 шілдеде Турин қаласында (Италия) ESOF-2010 Ашық халықаралық ғылыми форумы аясында Халықаралық наградаларды табыстау орын алды. Мінсіз іскерлік беделі мен ғылыми жетістіктері, еуропалық стандарттарға сәйкес өнім мен қызметтердің жоғары сапасына қол жеткізуге талпынысы үшін Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының профессоры С.М. Мамадалиев
«Еуропаның үздік кәсіпорыны» наградасымен марапатталып, «Жылдың үздік топ-менеджері» дипломы мен құрмет белгісіне, сонымен қатар, заманауи қоғамның интеллектуалдық дамуына қосқан жеке үлесі үшін «Сократ атындағы сыйақыға» ие болды. Халықаралық наградаларды табыстау салтанатын Еуропа Ректорларының Президенті, Нобель сыйақыларының лауреаты, Еуропалық Бизнес Ассамблеяның төрағасы Вилл Гудхейер жүргізді. |
|
«Шапағат» өнертабыс саласындағы жетістіктердің VIII республикалық конкурсының нәтижесі бойынша Қазақстанның инновациялық дамуына қосқан үлесі үшін Институтқа «Шапағат» дипломы мен мүсіншесі табысталды. «Ең жас өнертапқыш» номинациясы бойынша бірінші орынға біздің институттың қызметкері ие болды. № 22201 «Сүйек майынан гемопоэздік дің жасушаларын бөліп алу және өсірудің әдісі» патенті біздің институтты Ұлттық интеллектуалдық жекеменшік институтының дипломанттар санына енгізді. |
|
2011 жылы институт қызметкері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орайластырылған «БҚПҒЗИ жас ғалымдарының ең үздік инновациялық идеялары» атты конкурсының (гран-при) жеңімпазы атанды, сонымен қатар, «Жастар-2011» Республикалық жастар сыйақысының «Жылдың жас ғалымы» номинациясындағы лауреаты атанды. |
|
2012 жылдың 11 желтоқсанында Алматыда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Қорының Ғылым мен техника саласындағы үздік ғылыми зерттеулері үшін жас ғалымдарға, қоғамда кеңінен танылған, республиканың мәдени өміріне елеулі үлес қосқан неғұрлым дарынды, жаңалағы мен түпнұсқалығымен ерекшеленетін шығармалары, бағдарламалары, жобалары үшін мәдениет пен өнер жас қайраткерлеріне арналған жыл сайынғы сыйлығын беру рәсімі өтті. Жеңімпаздарға «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қоры сыйлығының лауреаты» атағы берілді, дипломдар, төсбелгілер және ақшалай сыйлықтар берілді.
ҚР БҒМ ҒК Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтының жас ғалымдары Касенов М. М., Червякова О. В., Табынов К. К. ғылым және техника саласындағы «A/H1N1 пандемиялық тұмауға қарсы алғашқы отандық вакцинаны дайындау технологиясын жасау, клиникаға дейінгі, клиникалық сынау және тіркеу» жұмысы үшін Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Қоры сыйлығының лауреаттары болып танылды.
|
|
Қазақстан экономикасының көшбасшы кәсіпорындарын марапаттаудың жалпы мемлекеттік республикалық рейтингілік бағдарламасының қорытындысы бойынша БҚПҒЗИ жоғары атаққа ие болды. Біздің институт ұлттық сертификатпен және «Сала көшбасшысы-2014» медалімен марапатталды. Институт қызметкерлері «Қазақстан Даңқы» ордені, «Еңбек қызметіндегі тиімділігі үшін» естелік медалі және «Жыл маманы – 2014» ұлттық сертификаттарын алды.
|
|
2014 жылғы 30 желтоқсанда Астана қаласында «Астана» ұлттық сурет галереясында көрнекті қоғам және мемлекет қайраткерлерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын тапсыру рәсімі өтті.
|
|
2014 жылдың желтоқсан айында «Қазақстандық білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің атқарушы комитетінің шешіміне сәйкес Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институттың ғылыми қызметкерлері бас директор А.Р. Сансызбай, зертхана меңгерушісі Ж.К. Кошеметов, аға ғылыми қызметкер С.Ш. Нұрабаев «Білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгісімен көпжылдық, жемісті еңбегі және Қазақстан Республикасы кәсіподағының дамуына қосқан үлесі үшін марапатталды.
|
|
«Індетті ауруларды балау» зертханасының жетекші ғылыми қызметкері, биология ғылымдарының кандидаты Валентина Михайловна Матвеева институтта көпжылдық жұмыс өтілі, жануарлар мен құстардың жұқпалы ауруларын балаудың құралдары мен әдістерін әзірлеу бойынша нәтижелерге қол жеткізгені үшін «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Ол биотехнология және вирустық инфекцияларды балау саласындағы маман болып табылады. 150-ден астам ғылыми жұмыстардың және 24 өнертабыстың авторы, 23 диагностикалық препараттың әзірлеушісі. Институттың бас директоры А. Сансызбай өндіріс ардагеріне институттың дамуына қосқан көпжылдық үлесі үшін алғысын білдірді.
|
|
2013-2014 жылдарғы ранжирлеу нәтижелері бойынша Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты Қазақстан Республикасындағы ЭҚЖЖ 72.20.0 (қоғамдық және гуманитарлық ғылымдар саласындағы зерттеулер мен эксперименттік әзірлемелер) рейтингінің қола жүлдесін алды. Біздің институт ұлттық сертификатпен және «Сала көшбасшысы-2015» медалімен марапатталды. Институттың жекелеген қызметкерлері «Экономика мақтанышы» орденіне, «Кәсіби еңбегі үшін» медаліне, «Жыл маманы 2015» сертификатына ие болды. |
|