Сараптау комиссиясы

ҚР ДСМ БҚПҒЗИ РМК ғылыми мақалаларын, баяндамаларын, баяндама тезистерін және патенттік-өнертапқыштық қызметке өтінімдерін ғылыми-техникалық сараптау жөніндегі комиссиясы

Комиссия құрамы:

Комиссия төрағасы: Жүгінісов Қуандық Дәулетбайұлы,Философия ғылымдарының докторы (Phd)

1.Ербол Акенұлы Болатов, биология ғылымдарының кандидаты,профессор.

2.Азиз Құралбайұлы Наханов, биология ғылымдарының кандидаты.

3.Асанжанова Нурика Нарынбековна, медицина ғылымдарының кандидаты.

4.Червякова Ольга Викторовна, биология ғылымдарының докторы,профессор.

5.Балжан Шайзадақызы Мырзахметова, биология ғылымдарының кандидаты.

6.Еспембетов Болат Аманбайұлы, ветеринария ғылымдарының кандидаты,профессор.

7.Хатшы: Тұрыскелди Шолпан Сманқызы, зертханашы.

 

Комиссияның негізгі міндеттері: 

– институттың, институт қызметкерлері дайындаған ақпарат көздерінде қамтылған зияткерлік қызметі нәтижесінің сапасы, ғылыми маңыздылығы, патентке қабілеттілігі (қорғау қабілеттілігі) және коммерциялық әлеуеті мәні бойынша бағалау және осындай нәтиже туралы ақпаратты ашық жариялау мүмкіндігін немесе мүмкін еместігін анықтау;

– институттың, құқықтық қорғауға және құпия ақпаратқа қабілетті зияткерлік қызметі нәтижесінің мәнін мерзімінен бұрын (құқықтық қорғау алынғанға дейін) жария етуді болдырмау, мұндай объектілерді үшінші тұлғалардың заңсыз және рұқсатсыз пайдалануы нысанында жосықсыз бәсекелестіктің алдын алу;

– институттың, оның құрылымдық бөлімшелерінің және оның авторларының зияткерлік меншік саласындағы құқықтары мен заңды мүдделерін және құқық иеленушісі Институт болып табылатын зияткерлік қызмет нәтижелері бар құпия ақпаратты қорғау.

Комиссияның функциялары:

– ашық жариялау, оның ішінде ақпараттық орталықтарға жіберу, деректер базасына енгізу және жалпыға қолжетімді ақпараттың өзге де нысандарына енгізу үшін дайындалған ғылыми мақалаларға, баяндамаларға, баяндамалар тезистеріне және өнертабыстар сипаттамаларына, монографияларға, кітаптарға сараптама жүргізу,;

– белгіленген тәртіппен құқықтық қорғау алуға тиіс коммерциялық әлеуеті бар ұсынылған ғылыми материалдарда патентке қабілеттілік туралы мәліметтерді анықтау;

– сараптамаға ұсынылған ақпарат көзінде мәліметтер анықталған жағдайда, белгіленген тәртіппен қажетті шаралар қабылданғанға дейін ақпарат көзін ашық жариялау, пайдалану, экспонаттау сараптама тоқтатылады.