Жас ғалымдар кеңесі
ҚР ДСМ «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК (БҚПҒЗИ) Жас ғалымдар кеңесі (ЖҒК), қоғамдық ұйым ретінде институт Ғылыми кеңесінің шешімінің негізінде 2008 жылы құрылған.
Жас ғалымдар кеңесінің мақсаттары:
– БҚПҒЗИ жас ғалымдарының кәсіби өсуіне, шығармашылық әлеуетін іске асыруына және инновациялық қызметін дамытуына жәрдемдесу;
– ғылым мен техниканың ең жаңа жетістіктерін насихаттау үшін жағдай жасау;
– БҚПҒЗИ жас ғалымдарының ғылыми зерттеулерге қатысуын жандандыру және олардың күшін өзекті ғылыми мәселелерді әзірлеу және республиканың басым ғылыми міндеттерін шешу үшін біріктіру.
Жас ғалымдар кеңесінің міндеттері:
-Ғылыми-зерттеу өндірістік жұмыс дағдыларын игеруге, білім мен кәсіби шеберлікті арттыруға көмек көрсету;
– Өзекті ғылыми мәселелер мен басым ғылыми міндеттерді шешуде жас ғалымдардың өзара іс-қимылын үйлестіру;
– Өзекті ғылыми мәселелер мен басым ғылыми міндеттерді шешу үшін жас ғалымдардың күш-жігерін біріктіру;
-Жас ғалымдардың ғылыми-тәжірибелік конференцияларын, дәрістерді, баяндамаларды, семинарларды, отандық және шетелдік ғылымның жаңа жетістіктерімен таныстыратын ғылыми-практикалық конференцияларды ұйымдастыру және өткізу;
– Жас ғалымдарға ғылыми зерттеу нәтижелерін жариялауға, баяндамаларды рәсімдеуге және республикалық, халықаралық конкурстар мен конференцияларға қатысуға жәрдемдесу;
– БҚПҒЗИ жас ғалымдарының өмір сүру, еңбек жағдайларын жақсартуға және бос уақытын ұйымдастыруға бағытталған іс-әрекеттерді жүзеге асыру.
Жас ғалымдар кеңесінің белсенділері
Төлендібаев Әли Бақытжанұлы | Жас ғалымдар кеңесінің төрағасы |
Бопи Арайлым Құралбекқызы | Төраға орынбасары |
Жакыпбек Айгерім | Хатшы |
Мырзахметов Елдос Туребаевич | |
Ермекбай Таңат Талайбекұлы | |
Табыс Шалқар Төлегенұлы | |
ЖҒК мүшелігінде БҚПҒЗИ-ының 65 жас ғалымы тіркелген |