Биоэтика жөніндегі Комиссия – зерттеу құжаттарына тәуелсіз сараптама жүргізу, зерттеуді жоспарлау және жүргізу сатыларында жануарларды пайдалану кезіндегі қауіпсіздікті тәуелсіз бағалау, клиникалық зерттеу хаттамасының тиісті клиникалық және ғылыми практика стандарттарына сәйкестігін бағалау, сондай-ақ зерттеушілердің біліктілігі мен осы зерттеуді жүргізетін ұйымның техникалық жарақтандырылуы, жануарларға зерттеулер жүргізу кезінде халықаралық және ұлттық этикалық нормалардың сақталуын бағалау, биологиялық этика мәселелері бойынша құжаттарды әзірлеуге қатысу үшін құрылған институтішілік орган.
Комиссия Құрамы:
Комиссия төрағасы: Хайрулла Блялович Абеуов, ветеринария ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор
Комиссия мүшелері:
1 Еспембетов Б.А., «Микробиология» зертханасының меңгерушісі, в.ғ.к., профессор.
2 Баракбаев К.Б., «Биопрепараттардың дайын түрлерінің технологиясы» зертханасының меңгерушісі, в.ғ.к.
3 Шораева К.А., «Биопрепараттарды және технологияларды бақылау» зертханасының меңгерушісі, PhD
4 Нурабаев С.Ш., «Індеттік аураларды балау» зертханасының меңгерушісі, PhD.
5 Таболдиев Д.Р., «Биологиялық және санитариялық қауіпсіздік» бөлімінің басшысы.
6 Бопи А.Қ., «Молекулалық биология және гендік инженерия» зертханасының аға зертханашысы – хатшы.
БЭК өз қызметінде Қазақстан Республикасының зертханалық (тәжірибелік) жануарларды ұстау және пайдалану мәселелерін реттейтін заңнамасын, институттың Ғылыми кеңесі бекіткен ережені және «Еуропалық, эксперименттік және басқа да ғылыми мақсаттар үшін пайдаланылатын омыртқалы жануарларды қорғау туралы конвенцияның» ережелерін, халықаралық құқықтың басқа да нормаларын басшылыққа алады. Биоэтика жөніндегі Комиссия тәуелсіз мамандардан құрылған және зертханалық жануарларға ізгілікпен қарау және оларды ұтымды пайдалану қағидаттарына сүйенеді. Комиссия қызметі жануарлармен тәжірибе жүргізудің халықаралық ережелерін сақтау бойынша бақылауды жүзеге асыруға бағытталған.
Биоэтика жөніндегі комиссияның мақсаты – институтта жануарлармен жұмыстың Қазақстан Республикасының зертханалық жануарларды ұстау және пайдалану мәселелерін реттейтін заңнамасына, «Еуропалық, эксперименттік және басқа да ғылыми мақсаттар үшін пайдаланылатын омыртқалы жануарларды қорғау туралы конвенцияның» ережелеріне, халықаралық құқықтың басқа да нормаларына сәйкес жүргізілуіне консультативтік көмек және бақылау.
Көрсетілген мақсатты орындау мақсатында Биоэтика жөніндегі комиссия келесі міндеттерді атқарады:
- зерттеу жобаларына және оларға байланысты технологияларға қатысты құқықтық және этикалық мәселелерді зерделейді;
- қолданыстағы нормативтік құжаттардың, сондай-ақ халықаралық ұсыныстардың және Қазақстан мен шет елдердегі басқа да мекемелердің зерделеу тәжірибесінің негізінде жануарлармен зерттеулер жүргізудің ережелері мен мүмкін болуы критерийлерін әзірлейді;
- жануарлармен тәжірибе жүргізудің халықаралық ережелерінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
- тәжірибелік жануарларды қолдану арқылы жұмыстар жүргізілуі қарастырылған зерттеу жобаларының тәуелсіз сараптамасын жүзеге асырады және осы жобалардың жүргізілуінің мүмкіндігі туралы қорытынды шығарады;
- қызметкерлерге биологиялық этика жөнінде кеңес береді.
Институттың виварийлерінде жануарлармен зерттеулер жүргізуші институттың барлық бөлімшелері БЭК-мен өзара қатынасады. Жануарларды ғылыми-зерттеу мақсатында қолдану кезінде биоэтика нормалары сақталуы тиіс.