Биологиялық қауіпсіздік мәселелері

БҚПҒЗИ биологиялық қауіпсіздік жүйесі

Бөлім 1962 жылы құрылған, оның міндеті институт бөлімшелерінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде ветеринариялық-санитариялық режим талаптарының сақталуын бақылау болып табылады. АШҒЗИ-да қолданылатын медициналық-ветеринариялық-санитариялық режим бастапқыда биологиялық қауіпсіздік жүйесінің негізгі элементтерін қамтыды: басқарушы нормативтік нұсқаулықтар, патогендерді биологиялық тұрғыда оқшаулаудың инженерлік-техникалық жүйелері, персоналдың талаптарды сақтауын бақылау, қалдықтарды утилизациялау және зарарсыздандыру және т. б.

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін, АШҒЗИ елдегі алғашқылардың бірі болып Еуропа мен АҚШ-тың ірі ғылыми орталықтарымен ынтымақтастықты жолға қойды. Ынтымақтастық шеңберінде бірлескен зерттеулер жүргізілді, бұл институттың биологиялық қауіпсіздік жүйесін ұйымдастыруды және халықаралық стандарттарға сәйкес келтіруді талап етті.

2006 жылы ҚР Үкіметінің №742 Қаулысымен институт Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты (БҚПҒЗИҚ) болып қайта құрылды, сонымен, биологиялық қауіпсіздік саласындағы зерттеулер негізгі бағыттардың бірі болып табылды. Биологиялық және санитарлық қауіпсіздік бөлімі (БСҚБ) БҚПҒЗИ бөлімшесі ретінде 2006 жылы ветеринарлық-санитариялық бөлімнің негізінде құрылды. Бөлімнің бірінші кезектегі міндеті – биоқауіпсіздік бойынша халықаралық стандарттарды және ҚР нормативтік актілерін талдау негізінде институт бөлімшелері үшін стандартты операциялық процедураларды әзірлеу болып табылады. БҚПҒЗИ-ында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Биологиялық қатерлерді басқару жөніндегі халықаралық стандарт СWA 15793; 2008 енгізілді.

 

Бөлім БҚПҒЗИ-ында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шешеді және келесі функцияларды атқарады:

  • ҒЗТҚЖ жүргізу кезінде институттың биологиялық қауіпсіздігін бақылау және сақтау.
  • Биологиялық қатерлерді басқару бағдарламасын әзірлеу, енгізу және үйлестіру
  • Ұйым стандарттары мен биологиялық қауіпсіздік талаптарын реттейтін нормативтік-нұсқаулық құжаттарды, оларды сақтау және сүйемелдеу бойынша шараларды әзірлеу және енгізу.
  • Техникалық регламенттерді, стандартты операциялық процедураларды және басқа да құжаттарды биологиялық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келуі бойынша сарапталуын жүргізу.
  • Ғылыми, көмекші және техникалық персоналды қауіпсіз жұмыс және биологиялық қатерлерді азайту әдістемелері мен тәсілдеріне оқыту-үйрету бағдарламалары.
  • Биологиялық қатерлерді алдын ала бағалауды жүзеге асыру және институт зертханаларында патогендермен жұмыс жасауға рұқсат беру.
  • Ұйым стандарттары мен биологиялық қауіпсіздік талаптарын реттейтін басқа да нормативтік-нұсқаулық құжаттардың жоспарлы валидациясын жүргізу және оларды сақтау және сүйемелдеу бойынша шаралар.
  • Биологиялық қауіпсіздіктің халықаралық стандарттарын жаңарту, ұйымның қолданыстағы нұсқаулықтарына өзгерістер енгізу және биологиялық қауіпсіздік талаптары мен стандарттарын регламенттейтін жаңа отандық нормативтік актілердің күшіне енуі және осы ақпаратты барлық мүдделі тұлғаларға жеткізу

Биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және тиісті қорғау шараларын жасау ықтимал биологиялық қауіп-қатерлердің теріс әсерін бағалауға және болжауға негізделген.

Биологиялық және санитариялық қауіпсіздік бөлімінде жұмыс жағдайлары жасалған,  санитария, ветеринария, медицина, санитариялық микробиология, экология саласындағы мамандармен жасақталған. Бөлім дезинфекция, физикалық-химиялық зерттеулер, сарқынды суларды және желдеткіш жүйелерін микробиологиялық бақылау, БҚПҒЗИ персоналын медициналық бақылау және қадағалау жұмыстарын жүргізеді. Қызметкерлердің біліктілігін арттыру, биологиялық қауіпсіздік және биоқорғау бойынша конференцияларға, тренингтерге қатысу үнемі жүргізіледі.