Вакциналар

Вакциналар

«НИСХИ» штаммынан алынған қой шешегіне қарсы вакцина

Сыртқы түрі — ашық сарыдан қара қоңыр түске дейінгі құрғақ кеуекті таблетка. Қойларды шешек ауруына қарсы алдын ала иммундауға арналған.

«МТМ-НИСХИ» штаммынан алынған қой мен ешкідің жұқпалы эктимасына қарсы вакцина

Сыртқы түрі — ашық сарыдан қара қоңырға дейінгі құрғақ кеуекті таблетка. Қой мен ешкілерге жұқпалы эктиманың қолайсыз ошақтарында және қауіп төнген аймақтарында алдын ала иммундау үшін қолданылады.

Құстар тұмауына қарсы инактивтелген эмульгирленген вакцина

Сыртқы түрі — ақ түсті біртекті эмульсия. Қолайсыз ошақтар мен қауіп төнген аймақтарда тауық, қаз, үйрек және күрке тауық сияқты үй құстарын алдын ала иммундауға арналған.

Ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың обасына қарсы вакцина

Сыртқы түрі — ашық сарғыштан қара қоңыр түске дейінгі құрғақ, ұсақ кеуекті таблетка. Қой мен ешкілерді обаға қарсы қауіп төнген және қолайсыз аймақтарда алдын ала иммундауға арналған.

Жануарлардың құтыруына қарсы инактивтелген вакцина (БҚПҒЗИ)

Сыртқы түрі — ашық сары немесе қызғылт түсті мөлдір сұйықтық, жеңіл шайқағанда оңай араласатын ашық сұр тұнбамен. Ит, мысық, түйе, жылқы, ірі және ұсақ мал, шошқаларға құтыруға қарсы алдын алу және мәжбүрлі иммундау үшін қолданылады.

 «Neethling-RIBSP» штаммынан алынған түйінді дерматитке қарсы вакцина

Сыртқы түрі — сарғыш-сұрдан крем түске дейінгі құрғақ борпылдақ таблетка. Ірі қара малды түйінді дерматитке қарсы қолайсыз ошақтарда және қауіп төнген аймақтарда алдын ала иммундауға арналған.

Ірі қара мал бруцеллезіне қарсы векторлық вакцина

Сыртқы түрі — сұрғылт-ақ немесе сұрғылт-сары түсті біртекті ұсақ кеуекті масса. Еріткiшi — 10–20 % Montanide Gel 01 адъювантын қамтитын тұнбасы бар мөлдір сұйықтық. Ірі қара малды бруцеллезге қарсы алдын ала иммундауға арналған.

Шошқалардың репродуктивті-респираторлық синдромына қарсы бивалентті инактивтелген вакцина

Сыртқы түрі — сарғыш түсті мөлдір сұйықтық, шайқағанда оңай араласатын тұнбасы бар. Қолайсыз ошақтар мен қауіп төнген аймақтарда шошқаларды РРСС-ке қарсы алдын ала иммундауға арналған.

Түйе шешегіне қарсы вакцина

Сыртқы түрі — ақшыл-сарғыш немесе ашық қоңыр түске дейінгі құрғақ ұсақ кеуекті таблетка. Еріткiшi — 50 % глицерин ерітіндісі. Түйелерді шешекке қарсы қауіп төнген және қолайсыз аймақтарда алдын ала иммундауға арналған.

А/Н3N8 жылқы тұмауына қарсы вакцина

Сыртқы түрі — ашық сарыдан ашық қоңырға дейінгі құрғақ кеуекті таблетка. Жылқыларды алдын ала тұмауға қарсы иммундауға арналған.

Эпизоотиялық лимфангоитке қарсы инактивтелген вакцина

Вакцина Sabouraud агарында өсірілген «8ZH» Histoplasma farciminosum саңырауқұлақ штаммынан дайындалып, β-пропиолактонмен инактивтелген және Montanide Gel-01PR адъювантымен сорбцияланған. Жылқыларда эпизоотиялық лимфангоитке (ЭЛЛ) қарсы алдын ала иммундауға арналған.

«Ла-Сота» штаммынан алынған Ньюкасл ауруына қарсы вакцина

Сыртқы түрі — сарғыш-ақ түсті біртекті ұсақ кеуекті масса. Үй құстарын Ньюкасл ауруына қарсы қолайсыз ошақтар мен қауіп төнген аймақтарда алдын ала иммундауға арналған.

«Н» штаммынан алынған Ньюкасл ауруына қарсы вакцина

Сыртқы түрі — сұрғылт-қызғылт түсті біртекті ұсақ кеуекті масса. Құстарды Ньюкасл ауруына қарсы қолайсыз ошақтарда алдын ала иммундауға арналған.

«Отар» штаммынан алынған құстардың инфекциялық ларинготрахеитіне қарсы вакцина

Сыртқы түрі — сарғыш-ақ түсті біртекті масса. Құстарды инфекциялық ларинготрахеитке қарсы қолайсыз ошақтар мен қауіп төнген аймақтарда алдын ала иммундауға арналған.

Блютангке қарсы моновалентті инактивтелген эмульгирленген вакцина.

Сыртқы түрі — тұнбасыз бозғылт-қызғылт түсті эмульгирленген сұйықтық. Ірі және ұсақ қара малды блютангке қарсы алдын ала иммундауға арналған.

 

Тест жүйелері және т. б.

А типті аусылды ИФА әдісімен зертханалық диагностикалауға арналған тест-жүйе (жиынтық)

Жиынтық ірі қара малдың егілген, ауырған және гипериммунданған қан сарысуындағы арнайы антиденелерді анықтауға арналған.

Ірі қара малдың инфекциялық ринотрахеит вирусына қарсы антиденелерді анықтауға арналған ИФА тест-жүйе.

Жиынтық ірі қара малдың егілген, гипериммунданған, ауырған және жазылған жануарлардан алынған қан сарысу үлгілеріндегі антиденелерді анықтауға арналған.

Қой шешегінің қоздырғышын реакция преципитациясы және комплемент байланысу реакциясы арқылы анықтауға арналған зертханалық диагностика тест-жүйелері.

Жиынтық қой шешегімен ауырған және өлген жануарлардан алынған патологиялық материалдарда, жұқтырылған жасуша культураларында вирусқа тән антигендерді және қан сарысуындағы арнайы антиденелерді анықтауға арналған.

Ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың обасына қарсы антиденелерді ИФА әдісімен анықтауға арналған тест-жүйе

Жиынтық егілген, гипериммунданған, ауырған және жазылған жануарлардың қан сарысу үлгілеріндегі антиденелерді анықтауға арналған.

ІҚМ түйінді дерматитін реакция преципитациясы әдісімен диагностикалауға арналған тест-жүйе

Жиынтық ауырған немесе өлген жануарлардың патологиялық материалынан, жұқтырылған жасуша культураларынан вирусқа тән антигендерді және қан сарысуындағы антигендерді анықтауға арналған.

ІҚМ түйінді дерматитін ИФА әдісімен диагностикалауға арналған тест-жүйе.

Жиынтық ауырған немесе өлген жануарлардың патологиялық материалынан вирусқа тән антигендерді анықтауға арналған.

А және В тұмау вирусын полимеразалық тізбекті реакция (ПТР) әдісімен диагностикалауға арналған тест-жүйе.

Жиынтық А және В типті тұмау вирустарының РНҚ-сын анықтауға арналған.

Жыртқыштар обасын диагностикалауға арналған тест-жүйе

Жиынтық ауырған және өлген жануарлардан алынған патологиялық материалдар мен жасуша культураларында спецификалық антигендерді анықтауға арналған.

ІҚМ түйінді дерматитін ПТР әдісімен диагностикалауға арналған тест-жүйе

Жиынтық патологиялық материал үлгілерінде (тері, органдар, қан, шырышты қабық жағындылары) вирус ДНҚ-сын анықтауға арналған.

«ПОЛИФАГ» дезинфекциялық құралы

«Полифаг» дезинфекциялық құралы ветеринариялық-санитариялық бақылау нысандарында, ветеринариялық, мал, құс және балық шаруашылығында, азық-түлік өндірісінде, көлік құралдары мен технологиялық жабдықтарда, сондай-ақ қолайсыз ошақтарда, қауіп төнген аймақтарда, сою пункттерінде, ет, сүт, жұмыртқа шикізатын өңдейтін өндірістерде дезинфекция жүргізуге арналған.

Құрал бруцеллез, жалған туберкулез, дифтерия, сальмонеллез, колибактериоз, шартты-патогенді микрофлора (протей, псевдомоноз, энтерококк, иерсиния және бірінші топқа жататын басқа да инфекциялар) тудыратын жас төлдердің іш өту аурулары кезінде, шартты түрде сәтсіз жануарлардан алынған өнімдермен жұмыс істейтін нысандарда қолданылады.