Ғылыми зерттеулер

Қазіргі кезде Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша (ҒТБ) ғылыми-зерттеу жұмыстары (ҒЗЖ) орындалуда:

О. 0710 2015-2017 жылдарға арналған «Мезгілдік тұмауға қарсы үшвалентті сплит-вакцинаның клиникаға дейінгі және клиникалық зерттеулерінің уйымдастыру және жүргізу»

 

2015-2017 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру аясындағы жобалар:

1. Ұсақ мал бруцеллезіне қарсы векторлық вакцина жасау

2. P.multocida аттенуирленген мутанттық штаммдар негізінде жануарлардың пастереллезасының алдын алу үшін вакцина жасау

3. Тұмау вирусының А типіне баламалау қансарысуын алу технологиясын жетілдіру

4. Құстардың вирусты індеттерін экспресті балауда қолданылатын микрочипті жасау және сынау

5. Қой шешегін алдын алу үшін рекобиннантты вакцина дайындау

6. Жұқпалы індеттерге қарсы вакциналарды жасақтау үшін әмбебап вектор ретінде қолданылатын каприпоксвирус

7. Қазақстанда шошқалардың індеттік ауруларын шақыратын вирустардың мониторингі және олардың генетикалық ерекшеліктері

8. Шошқаның репродуктивті-респираторлық синдромы вирусының еуропалық және солтүстікамерикалық генотиптеріне қарсы инактивтелген бивалентті вакцинаның дайындау технологиясын жасап шығару

9. Арпаның теңбіл дақ және ақ ұнтақ ауруларына төзімділік донорларын табу

10. Переноспорозға (Pseudoperonospora cubensis Rostowz) төзімді көздерді сұрыптау үшін қияр сорттарына және будандарына скрининг жүргізу