1-ші қазан Халықаралық қарттар күніне Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Отар ауылдық округімен Гвардейский қалашығында Округ қарттары мен ардагерлеріне арнайы мерекелік бағдарламалар ұйымдастырылып дастархан жайылды.

Мерекелік іс шараны Биологиялық Қауіпсіздік Пролемаларының Ғылыми-Зерттеу институтының басшылығы, Отар ауылының әкімшілігі, «Гвардейский» Әскери гарнизонның басшылығы және Қордай аудандық маслихат депутаты Бурашев Ербол Досанұлының қатысуымен жүзеге асырылды.

Мереке барысында қарттар мен ардагерлерге арнайы сый-сияпаттар ұсынып, концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, құттықтаулар мен жылы ізгі тілектер айтылды. Ардагерлер ұйымдастырушыларға рахмет айтып дәстүріміз бен көрсетіліп жатқан құрметке алғыстарын білдірді. Мереке соңына естелік суреттерге түсіп, қарттарымыздың ақ баталары алынды.

Қариясы бар елдің қазынасы бар демекші, қарттарымызды қашанда сыйлаған халықпыз!

  • Зейнет жасқа жетіп кепсіз зымырап,
  • Бірақ қимыл әлі жастай шымыр-ақ.
  • Еңбегіңіз зейнет болсын ендігі
  • Күндеріңіз мұң салмасын қырындап.
  • Талай күндер төккен термен өткен күн,
  • Қуаныштың нәрі көктен сепкен күн.
  • Талай жылдар тағылымы толысып,
  • Еңбектен соң зейнет келіп жеткен күн.
  • Еленді еңбек қуанышты бәріміз,
  • Зейнет жаспен құлпырады сәніңіз.
  • Жалынды жас кейпін әлі сақтапсыз,
  • Қуанышқа ортақ кіші-кәріміз.
  • Осы жасқа жеткен де бар, жетпеген…
  • Жаратқанның нұры сізде көктеген.
  • Зейнет жастың бар қызығын көрсетсін,
  • Көңіл деген көркем кейіп көк дөнен.
  • Зейнет жас та құтты болсын, Ағайым,
  • Мына өмірде көрдің қиын талайын.
  • Қиын белдер артта қалып бақ келсін,
  • Қара шаштың ақ шалмасын самайын.

Жасаған еңбектеріңіздің нәтижесі тәрбиелеген шәкірттер жалғасады. Ендігі сол еңбектің зейнетін көріп, жас азаматтар мен еліміздің болашағына, тәрбиесіне белсенді қатысып жүрген ардагерлерімізге алғыс білдіріп,  денсаулық, отбасы, немере-шөберенің ортасында аман есен жүре берулеріңізге тілектеспіз! Өмір жолдарыңыз ұзақ болып, көрген бейнеттеріңіздің зейнетін көріңіздер!

от admin