Warning: qtranxf_postsFilter(): Argument #2 ($query) must be passed by reference, value given in /var/www/vhosts/h-134505.kz/biosafety.kz/wp-includes/class-wp-hook.php on line 324
ҰСАҚ КҮЙІС ҚАЙЫРАТЫН ЖАНУАРЛАРДЫҢ ОБАСЫНА ҚАРСЫ ВАКЦИНА ӨНДІРУШІЛЕРІНІҢ АЛТЫНШЫ КЕЗДЕСУІ – biosafety.kz

      2025 жылғы 5-7 қараша аралығында Шанлыурфа қаласында (Түркия) ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың обасына қарсы вакцина өндірушілерінің алтыншы кездесуі өтуде.

    Іс-шараны БҰҰ «Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы» (ФАО) және «Халықаралық эпизоотиялық бюро» (ХЭБ/WOAH) ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың обасын бақылау мен жоюдың жаһандық стратегиясын (PPR-GCES) іске асыру шеңберінде ұйымдастырды. Институт атынан аталған іс – шараға                  С.Ш. Нурабаев – Бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары; Е.А. Булатов – «Микроорганизмдерді өсіру технологиясы» зертханасының меңгерушісі; Д.С. Тоқтырова – «Микроорганизмдерді өсіру технологиясы» зертханасының аға зертханашысы қатысты.

    Кездесу әлемнің жетекші вакцина өндірушілерін, мемлекеттік ветеринариялық қызметтердің, ғылыми-зерттеу институттарының және халықаралық ұйымдардың өкілдерін біріктіреді. Қатысушылар ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылады.

       Кездесудің басты мақсаты-2030 жылға қарай ұсақ күйіс қайыратын жануарлардың обасын толық жою жоспарын жүзеге асыру үшін әлемдік ветеринарлық қоғамдастықтың күш-жігерін біріктіру. Бұл қадам әлемнің ауылдық қауымдастықтарының әл-ауқатын арттыруға, ауыл шаруашылығының тұрақты дамуына және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған маңызды кезең болмақ.

By admin