2020 жылғы 16 қазанда QazCovid-in® – COVID-19-ға қарсы инактивтелген вакцинаның I/II фазалы клиникалық зерттеулерін жүргізу жөніндегі клиникалық база болып анықталған ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығына Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі
А.Қ. Аймағамбетов ҚР ДСМ Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығының басшылығымен және медицина қызметкерлерімен, орындаушысы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты болып табылатын «COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы шеңберінде жүргізіліп жатқан QazCovid-in® – COVID -19-ға қарсы инактивтелген вакцинаның I/II фазалы клиникалық зерттеулерін жүргізу бойынша бас және жауапты зерттеушілермен кездесу өткізді.

Жұмыс кездесуі барысында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов QazCovid-in® – COVID-19-ға қарсы инактивтелген вакцинаның I/II фазалы клиникалық зерттеулерін ұйымдастыру, жүргізу барысы және ағымдағы жағдайымен танысты.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов COVID-19-ға қарсы отандық вакцинаны әзірлеу мәселесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақты бақылауында екенін хабарлады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен «COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасы бекітілді. Аталған ҒТБ-ны табысты іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі БҚПҒЗИ-ын материалдық-техникалық жарақтандыруға қосымша қаражат бөлді.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов QazCovid-in® – COVID-19-ға қарсы инактивтелген вакцинаның I/II фазалы клиникалық зерттеулерінің барлық орындаушыларына Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында клиникалық зерттеулердің сәтті аяқталуын және тез арада тиімді вакцинаға қол жеткізуге тілектес екендігін білдірді!

By admin