2020 жылғы 16 қазанда БҚПҒЗИ-ына жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Білім және ғылым Вице-министрі Мирас Мұхтарұлы Дауленов келді.

Жұмыс сапарының бағдарламасына сәйкес БҚПҒЗИ қызметкерлерімен кездесу өткізілді.

Вице-министр өз сөзінде БҚПҒЗИ қызметкерлерінің тек ынта негізінде істейтіндігін, «қызыл аймақтағы» қызметкерлердің жұмыс жағдайларының қиындығы туралы, қызметтік тұрғын-үйге байланысты мәселелер туралы, базалық қаржыландырудың жеткіліксіздігі туралы, ғалымдардың жалақысы білетіндігін атап өтті.

Вице-министр М.М. Дауленов, бағалау нәтижелеріне сәйкес, ғылым – енгізу – өндіріс толық жүйесі орнатылған БҚПҒЗИ ұжымы мен басшысы К.Д. Закарьяның қызметі ғылыми-зерттеу институттары мен орталықтары арасында ең тиімділерінің бірі деп танылғанын жеке атап өтті.

Кездесу соңында Вице-министр М.М. Дауленов БҚПҒЗИ қызметкерлері М.Б. Орынбаевқа, К.Д. Жүгінісовке, А.А. Керімбаевқа, С.К. Көпеевке «Халық алғысы» мемлекеттік медальдарын табыстады.

Кездесуден кейін Вице-министр М.М. Дауленов БҚПҒЗИ-ының 47 ғимарат пен жайлардан тұратын инфрақұрылымымен танысты. Олардың арасында «COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцина әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасының орындалу барысына ерекше назар аударылды: Биоклиникадағы тәжірибелік жануарлармен жұмыс процесі, жануарларды оқшаулағышта ұстау-күту процесі, зертханалық ыдыстарды арнайы дайындау процесі, биопрепараттардың дайын формаларының технологиясы зертханасы ғимаратында биопрепараттар өндіру процесі, биофармзавод құрылысының процесі.

Аталған бөлімшелерді аралау барысында БҚПҒЗИ бас директоры К.Д. Закарья және баратын бөлімшелердің басшылары Вице-министрдің назарына олардың функциялары, жетістіктері мен қазіргі уақытта орын алып отырған проблемаларын жеткізді.

БҚПҒЗИ қызметкерлерімен кездесу және БҚПҒЗИ қызметімен танысу аяқталғаннан кейін ҚР Білім және ғылым Вице-министрі М.М. Дауленов QazCovid-in® – COVID-19-ға қарсы инактивтелген вакцинаның I/II фазалы клиникалық зерттеулерін жүргізу жөніндегі клиникалық база – ҚР ДСМ «Ұлттық фтизиопульмонология ғылыми орталығы» РМК-ына клиникалық зерттеулер жүргізу үдерісімен танысу үшін Алматы қаласына жол тартты.

By admin