2020 жылғы 12 маусымда Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» РМК-да жұмыс сапарымен болды. Премьер-Министрдің жұмыс сапарында Жамбыл облысының әкімі Б.М. Сапарбаев, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетов, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртанов, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі С.К. Омаров, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М.М. Мырзағалиев, Қаржы бірінші Вице-министрі
Б.Ш. Шолпанқұлов, Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші Вице-министрі
Қ.А. Өскенбаев және басқа да жоғары мәртебелі қонақтар бірге жүрді.

Бас директор К.Д. Закарья Премьер-Министр А.Ұ. Маминге институттың тарихын және негізгі жетістіктерін таныстырды. Жоғары қонақтарға әзірленген және шығарылатын биологиялық препараттар көрсетілді. Қонақтар Тиісті Өндірістік Тәжірибе (GMP) стандарттарына сәйкес иммунобиологиялық препараттарды шығару бойынша салынып жатқан зауыттың негізгі параметрлерімен танысты.

                                                                                             Иллюстрациялық фото: ашық көздерден алынған

Салтанатты рәсімге Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Асқар Ұзақбайұлы Мамин, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Машбекұлы Сапарбаев және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Қанатұлы Аймағамбетов қатысты және салтанатты рәсімде Қазақстандағы алғашқы иммунобиологиялық препараттар шығаратын биофармацевтикалық зауыттың құрылысын ресми түрде бастады.

                                                                                            Иллюстрациялық фото: ашық көздерден алынған

Құрылыс аяқталғаннан кейін зауыт институтта әзірленген Тиісті Өндірістік Тәжірибенің халықаралық стандарты бойынша өзекті жұқпалы ауруларға қарсы иммунобиологиялық препараттар шығаратын болады.

 

 

By admin