2020 жылдың 03 тамызында Жамбыл облысының әкімі Б.М. Сапарбаев Қордай ауданының әкімімен және Жамбыл облысы, Қордай ауданы әкімдіктерінің, «КА-СТРОЙ» ЖШС, «ГрадЦентр» ЖШС және т. б. өкілдерімен бірге БҚПҒЗИ РМК-ына келді.

Сапар барысында БҚПҒЗИ қызметкерлеріне арналған 60 пәтерлі үй құрылысының жобасы бойынша құрылыс алаңы, БҚПҒЗИ РМК аумағында GMP талаптарына сәйкес келетін биофармзауыт құрылысы» жобасы бойынша құрылыс алаңы қаралды.

Жамбыл облысы Әкімінің назарына қазіргі уақытта COVID-19 коронавирустық инфекциясына қарсы вакцинаны әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқан Аса қауіпті жұқпалы аурулар зертханасы мен Індетті аурулардың мониторингі зертханасы ұсынылды.

Алаңдарды қараудан кейін биофармзауыт құрылысы бойынша штабтың кеңесі өткізілді.

Сапар барысында Жамбыл облысының әкімі Б.М. Сапарбаев «Биофармзауытты уақтылы тапсыру – бұл өмір мен өлім мәселесі, өйткені зауытта өндірілген вакцина ҚР мыңдаған азаматтарының өмірін сақтап қалуы мүмкін. Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинаны әзірлеу – абырой»  болатындығын белігеледі. БҚПҒЗИ РМК бас директорының ҒЗЖ үшін реактивтерді жеткізудегі күрделі жағдай туралы сұрағына Жамбыл облысының әкімі Б.М. Сапарбаев ведомствоаралық комиссияның қарауына хат жолдайтынын айтты.

Өз кезегінде, БҚПҒЗИ РМК бас директоры К.Д. Закарья, БҚПҒЗИ, құрылысшылар зауытты тапсырғаннан кейінгі айда вакциналарды қоюға-жеткізуге дайын екенін атап өтті. Қазіргі уақытта, БҚПҒЗИ ҚР ДСМ рұқсатымен зауытсыз, 2020 жылдың аяғына дейін қолданыстағы жабдықтардың күшімен вакцинаның 2 млн дозасын, ал зауыт іске қосылғанда бірнеше ондаған млн доза жеткізуге дайындығын айтты.

Сондай-ақ, Жамбыл облысының Әкімі Б.М. Сапарбаев сапар барысында әкімдіктердің, құрылыс компанияларының, жобалаушы компаниялардың және БҚПҒЗИ РМК жекелеген өкілдеріне бірқатар тапсырмалар берді.

By admin